Головкин Сондерспен жекпе-жекке шықса көп табыс табуы мүмкін

None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Boxingnews24.com журналисі Том Хокбаум Геннадий Головкин мен Билли Джо Сондерс арасында ықтимал жекпе-жекке қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Sports.kz-ке сілтеме жасап.

«Маусым айында WBO  чемпионы британдық Билли Джо Сондерс қазақстандық боксшы  Геннадий Головкиннен жеңіліп қалған Мартин Мюрреймен жекпе-жекке шықпақ. Осы айқастан кейін британдық Головкин үшін басымдыққа ие болуы мүмкін. GGG-дің Сондерспен ашық стадионда жекпе-жек өткізуі Головкин үшін «Канеломен» реванштың орнына көп пайда әкелуі ықтимал», - деп жазады автор.

Айта кетелік, Сондерс - орта салмақта WBO нұсқасы бойынша әлем чемпионы. Орта салмақ дивизионының абсолюттік чемпионы болу үшін Головкинге жетпей тұрған да - осы WBO белдігі.