«Құрмет деген не ол? Адамдарды алдау, бизнеске зиян келтіру, телеарнаны құрметтемеу, өз жанкүйерлеріңді назарға алмау. Сен осыны құрмет деп тұрсың ба?» - деді Головкин «Канелоға» қарата айтқан сөзінде.
Еске сала кетейік, «Канело» - GGG рематчы мамыр айында өтуі тиіс болатын. Алайда мексикалықтың допинг сынамасынан тыйым салынған зат кленбутерол табылған соң, боксшы алты айға бокстан шеттетілген. Енді боксшылар 15 қыркүйекте қайта кездеседі.