Бұл туралы GGG-дің промоутері Том Леффлер Твиттерде жазды.
«The Ring журналының жаңа бас редакторы Дуги Фишер жаңа The Ring P4P-чемпионы Геннадий Головкиннен басылымның жаңа нөмірі үшін сұхбат алады», - деп жазды Леффлер.
Сұхбат әлі жарияланбай тұрып, Фишер екеуара әңгіменің қызықты сәтімен бөлісті. Геннадий журналист Стив Кимнің қойған сұрақтарына ағылшын тілінде емес, орысша жауап берген. Сондықтан, GGG-дің БАҚ-қа берген сұхбаты әдеттегіден өзгеше. Фишердің өзі бұл жағдайды «ерекше сұхбат» деп атады.
Еске салайық, The Ring Андре Уордтың (32-0, 16 КО) мансабын аяқтайтыны туралы мәлімдемесінен кейін, Головкинді салмақ дәрежесіне қарамастан әлемнің үздік боксшылар рейтингінде бірінші орынға қойған еді.