Головкин титул үшін айқасатындығын ресми жариялады

Фото: None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Әлемнің экс-чемпионы қазақстандық Геннадий Головкин өзінің титул үшін айқасатындығын ресми жариялады, деп хабарлайды Sports.kz.

«7 қазанда өтетамаша жекпе-жек болады. Әрқашан рингке шыққан сайын мен өз фанаттарым көргісікелетін айқас өткізуге тырысамын. «BigDrama Show» рингке қайта оралатын болады»,-деп жазды Головкин өзінің Twitter-аккаунтында.

Қазақстандықбоксшы украиндық Сергей Деревянченкомен IBFтитулы үшін жұдырықтасады. Жекпе-жек қазан айында Нью-Йорктегі «Мэдисон СкверГарден» аренасында өтеді.

Еске сала кетсек,мұның алдындағы айқас та Нью-Йоркте болған еді. Ол жолы қазақстандық канадалықСтив Роллсті төртініші раундта нокаутқа түсірді.



Соңғы жаңалықтар