Бұған Головкиннің белбеуін қорғау үшін Сергеей Деревянченкомен (12-0, 10 КО) міндетті жекпе-жектен бас тартқаны себеп. Нәтижесінде Джейкобс 27 қазанда Нью-Йоркте осы белбеу үшін украиндықпен кездесетін болды.
«Мен Головкин Деревянченкодан сескенді деп есептемеймін. Бұл жай ғана бизнес. Головкин мұны түсінеді және қаржылық жағынан тиімді әрі мансабына әсер ететін жекпе-жектің болуын қалайды. Әзірге ешкімге белгісіз жігітпен айқас оған қомақты ақша әкелмейді. Яғни, бұл жерде барлығы бизнеске тіреліп тұр», - деді Джейкобс.