«Менің британиялық жанкүйерлерім менің Джейкобспен болатын кездесуімді Box Nation телеарнасы арқылы көре алады»,-деп жазды ол микроблогында.
Осыған дейін британиялық Box Nation телеарнасының Головкиннің америкалық Дэниэлом Джейкобспен (32-1, 29 КО) 18 наурызда Нью-Йорктегі Madison Square Garden аренасында өтетін жекпе-жегін елде көрсету құқығына ие болғандығы хабарланған болатын.
Айта кетейік, аталмыш кездесуді тікелей эфир арқылы қазақстандық көрермендер де тамашалай алады. Оны «Қазақстан» және «Kazsport» телеарналары таратады.