Головкин-Уэйд бокс кешіне 14500 билет сатылды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Геннадий Головкин-Доминик Уэйд және Роман Гонсалес-Маквильямс Арройо арасындағы жекпе-жектер өтетін «Жеңілмегендер» атты бокс кешіне 14500-ға жуық билет сатылды, деп жазады Sports.kz.

Бұл туралы Boxingscene.com-ға К2 Promotions басқарушы директоры Том Леффлер хабарлады. Ол сондай-ақ қазіргі кзеде 3000-ға жуық түбіртектің қолжетімді екенін атап өтті.

«Оқиғаға дейін екі аптаға жуық уақыт қалды, сатылымда 3000-ға жуық билет бар. Билеттерге сұраныстың жоғары болуынан біз үлкен аренаны аштық. 17 мамырда өтетін жекпе-жекке 3000 билет бір аптада сатылған, сондықтан қалған тағы 3000 билеттің соңғы екі аптада сатылып кететініне сенімдіміз», - деді Леффлер.