«Геннадий Головкиннің Доминик Уэйдпен ұрысын НВО-дан орташа есеппен 1,325 миллион адам қарап көрді. Жыл басынан бері бұл кабельдік телеарналардағы жекпе-жектердің үздік тегін көрілімдер көрсеткіші. Басты ұрыс 1.388 миллион көрілім жинады, бірақ та жекпе-жек барлығы 6 минутқа созылғандықтан, көрермендердің көбеюі күтілмеген болатын», - делінген қазақстандықтың ВКонтакте желісіндегі ресми парақшасында жарияланған хабарламада.
Еске сала кетейік, орта салмақтағы WBA (Super), IBO, IBF және WBC (Interim) нұсқалары бойынша әлем чемпионы Геннадий Головкин американдықты екінші раундыда нокаутқа жіберді.
7 мамырда Лас-Вегастағы жеке-жегінде британдық Әмір Ханмен ұрысқа шығып, WBC атағын қорғайтын мексикандық Сауль «Канело» Альвареспен Головкин сайысқа түсетін міндетті үміткер екенін атап өтейік. Қазақстандық боксшы бұл ұрысты барып көрмек.