Головкин Уэйдпен айқасқаны үшін 2 миллион доллар алады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстандық боксшы Геннадий Головкиннің Лос-Анджелестегі «Форум» аренасында 23 сәуірде өтетін американдық Доминик Уэйдпен айқасы үшін қанша гонорар алатындығы белгілі болды, деп хабарлайды Sports.kz Boxingscene.com-ға сілтеме жасап.

GGG 2 миллиона доллар табады. Головкин Давид Лемьемен жұдырықтасқанда тап осындай мөлшерде алған еді. Ал Уэйдке 500 мың доллар төленеді.