Бұл туралы BoxingScene.com-ға WBC президенті Маурсио Сүлейман хабарлады.
«Triple G-мен тайталасты болдырмаудың жалғыз амалы - тартылған барлық тараптардың жағдайды басқа жолмен шешу туралы келісімге қол қоюы. Бірақ WBC-дің пікірі айқын болып қалып отыр: 21 қарашада жеңіске жеткен боксшы Головкинмен кездесуі тиіс», - деп атап өтті Сүлейман.
Сондай-ақ егер Котто немесе «Канело» Головкиннің тобы және WBC-мен келіспей, басқа жолды таңдаса, оларға титулды босатуға тура келеді. Кері жағдайда, оларға WBC санкциялары қолданылады, ал Головкин чемпиондық белбеудің толық құқылы иесі болатыны хабарланып отыр.