«Мен дайынмын, келесі қарсыласым кім?» - деп жазды GGG шағын блогында. Жазбасына кіші Юбэнктің, оның промоутері Эдди Хирннің және Sky Sports телеарнасының ресми аккаунттарын тіркеді.
Келесі аптада тараптар алдағы жекпе-жек туралы келісімшартқа ресми түрде қол қояды деп күтілуде. Кездесу қыркүйек айында Лондондағы «О2-Аренасында» өтуі мүмкін. Егер Юбэнкпен келіссөздер үзілсе, онда Головкин Хильберто Рамиреспен (Мексика) күш сынасуы мүмкін.