АСТАНА. KAZINFORM – Қазақстан Ұлттық олимпиада комитеті Бас хатшысы Жанар Өтешоваға қатысты ресми мәлімдеме жасады.
«Қазақстан ҰОК президентінің бұйрығымен Бас хатшының сенімхат негізінде берілген өкілеттігі жойылды. Одан бөлек сенімінің жоғалуына байланысты Ж. Өтешеваны Бас хатшы ретінде Атқарушы комитет құрамынан шығару мәселесі Бас Ассамблея мүшелерінің қарауына шығарылады», - деп жазылған хабарламада.
Айта кетсек, Жанар Өтешова 2024 жылдың ақпан айынан бастап ҚР ҰОК-нің атқарушы директоры қызметінде болды. Сондай-ақ қазақстандық белгілі боксшы және ұйым басшысы Геннадий Головкиннің PR-кеңесшісі қызметін атқарды.
Еске сала кетейік, бұған дейін Геннадий Головкиннің 2025 жылы шаршы алаңға оралуы мүмкін екенін жазған едік.
Әділжан Үмбет
1996 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. Еңбек жолын 1996 жылы Алматы қалалық «Алматы ақшамы» газетінде бастады. Одан кейін жылдарда Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде, «Ақмешіт ақшамы», «Сыр бойы» газеттерінде қызмет атқарып келеді.
2015-2020 жылдарда «Ақмешіт апталығы» газетінің бас редакторы болды.
Негізгі қызметімен қосып 2006-2014 жылдарда республикалық «Жас Қазақ», «Алаш айнасы» газеттерінің Қызылорда облысындағы меншікті тілшісі болып еңбек етті.
2018 жылдан бері «Kazinform» ақпарат агенттігінде Қызылорда облысындағы меншікті тілші.