Роузи қарсыласын шабуылдауға жанталаса кірісті. Бірақ бұл әрекетінен түк шықпады. Холли сол жақтан Рондаға тұрақты түрде ауыр соққылар дарытып, бірінші раундтың өзінде-ақ чемпионға қауіп төндірді.
Екінші бес минуттықта Ронда еш өзгеріс енгізбеді. Есе қайтару да көп күттірмеді. Холм қарсыласын кезекті сол жақ соққыларымен есеңгіретіп, басынан теуіп, нокдаунға жіберді.