Головкин жанкүйерлерінен 2016 жылы кімге қарсы айқасын тамашалағысы келетіндерін сұрады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстандық боксшы Геннадий Головкин Твиттердегі өз жанкүйерлерінен өзінің 2016 жылы кіммен жұдырықтасқанын қалайтындарын сұрады, деп хабарлады Sports.kz.

«2016 жылы қандай үш жекпе-жекті көргілеріңіз келеді? Менің білетінім: GGG - Канело, GGG - Сондерс...» - деп жазды орта салмақтағы чемпион.