«Канело» бір жылдан бері рингтің бетін көрген жоқ, оның үстіне тізесіне жасалған отадан кейін енді өзіне келе бастады. Головкин белсенді болды, 5 мамырда «запастағы» Ванес Мартиросянды екінші раундта нокаутқа жіберді. Головкин «Канелоға» біршама қиындықтар туындатуы мүмкін деген боксшыны оңай ғана жеңді. Сол жекпе-жек егер өзінің қалыпты слаггер әдісімен айқасса, Головкиннің жойқын күш иесі екенін көрсетті. Ол былтырғы «Канеломен» өткен жекпе-жекке қарағанда, осы амплуада мейлінше жақсы жұдырықтасады», - деп жазды автор.
Головкин мен Альварестің екінші жекпе-жегі 15 қыркүйек күні Лас-Вегастағы T-Mobile Arena-да өтеді.