Головкин Монтероға мойын бұлшықеттерін күшейту жаттығуын жасап көруді ұсынды.
«Маған сенсеңіз, бұл оңай жаттығу емес, әсіресе бойы ұзын жігіттерге қиынға соғады. GGG - айбарлы», - деп жазды журналист Туиттерге жария еткен суретіндегі жазбасында.
Ол бір апта бұрын Головкиннің алдағы жекпе-жегі туралы шолу жасап шыққан болатын.
Еске сала кетсек, Головкин рингке 18 наурызда шығады, Нью-Йоркте америкалық Дэниэл Джейкобспен (32-1, 29 КО) айқасады.