Головкин «Жыл боксшысы» атағына ұсынылды
09:43, 28 Желтоқсан 2016
АСТАНА. ҚазАқпарат - Boxing News and Views басылымы «Жыл боксшысы» атағына үміткерлер тізімін жариялады, деп хабарлады Sports.kz.
Номинанттар арасында орта салмақта жеңіліп көрмеген Геннадий Головкин де бар. TripleG-ден бөлек, «Жыл боксшысы - 2016» атағынан кіші Эррол Спенс, Роман Гонсалес, Сауль Канело Альварес, Карл Фрэмптон, Теренс Кроуфорд, Андре Уорд және Василий Ломаченко үмітті.