Басылымның мәліметтеріне қарағанда, Геннадий мексикалық бизнесмен Карлос Слимнің қорына 50 000 доллар аударған. Қордың иесі бұл қаржыны көбейтіп, 300 000 доллар табиғи апаттан зардап шеккен отбасыларға тікелей жол тартады.
Еске сала кетейік, 19 қыркүйек күні 7,1 балдық магнитудалы жер сілкінісі Мексиканың орталық бөлігін ойрандап кеткен. Басты залалды Пуэбла, Морелос штаттары, сондай-ақ астана Мехико қаласының агломерациясы көрген. Мәліметтерге қарағанда, 342 адам құрбан болып, тағы 6000-нан астам адам жарақаттанған.