«Бұл «Канеломен» реванш ретінде, сондай-ақ Билли Джо Сондерспен, Андре Уордпен, Дэниэл Джейкобспен, Джермалл Чарломен, Давид Лемьемен, Джордж Гроувзбен, Джеймс Дигейлмен, Каллум Смитпен немесе Хильберт Рамиреспен жекпе-жектер болуы мүмкін», - делінген сайтта.
Айта кетейік, Головкин - Альварес жекпе-жегі 16 қыркүйекте Лас-Вегастың "T-Mobile Arena" спорт кешенінде өтеді. Уақыт айырмашылығына байланысты аталған жекпе-жек Қазақстанда 17 қыркүйек күні таңғы сағат 9:00-де тікелей эфирден көрсетіледі.