«Головкин үшін 160 фунтта үлкен айқастар бар: Джермалл Чарло және Деметриус Андраде. Сонымен қатар ол өзінің жеңістер тізіміне Хайме Мунгияны да қоса алады», - деді автор.
Чарло – WBC нұсқасы бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы. Андраде — WBO чемпионы. Головкинге келер болсақ, ол да 160 фунттағы екі чемпиондық белдіктің – IBF және IBO иегері. Әзірге Геннадийдің жоспарында желтоқсанға өтетін Риота Муратамен болатын жекпе-жек қана.