Соңғы рет былтыр қыркүйек айында мексикалық Сауль Альвареске қарсы шаршы алаңға шығып, тең түскен Геннадий қазіргі кезде салмақ санатынан тыс әлемнің үздік боксшылары рейтингінде көш бастап тұр.
Ол келесі жекпе-жегін тағы да Сауль Альвареске қарсы 5 мамырда өткізеді.
ESNews-тің хабарлауынша, қазақстандықтың промоутері Том Леффлер мен The Ring арнайы сыйлықты 24 ақпанда өтетін Superfly 2 бокс кешінің баспасөз мәслихатында таныстырмақ.