Нью-Йорк штатының атлетикалық комиссиясы жариялаған деректерге сәйкес, Геннадий Головкиннің гонорары 750 000 долларды құрайтын болады. Бұл оның қарсыласының гонорарынан 150 000 долларға көп.
Естеріңізге сала кетейік, Геннадий Головкин мен Дэниэль Гил арасындағы кездесу 26 шілдеде Нью-Йорк қаласының Madison Square Garden аренасында өтеді. Жекпе-жек Астана уақыты бойынша 27 шілдеде 08:00-де басталады және «Қазақстан» мен «KazSport» телеарналарынан көрсетіледі.