«Келл үшін бұл тым батыл қадам, - деді Мюррей. - Головкиннің деңгейі жоғары. Брук терең суды таңдады, оның жүзіп өтуі неғайбыл. Келл мен сияқты оның соққысына төтеп бере алады деп ойламаймын. Ал раундқа шыдауы мүмкін. Головкинмен рингке шығудың қалай екенін мен білемін. Бурктің таймингі, қашықтықты сезуі жақсы. Алайда Головкиннің деңгейі мүлдем басқа. Ол басқа лигада, тіпті «Канело» да оны жеңе алмайды».
33 жастағы британдықтың өзіндік рекорды бар - ол WBA (Super), WBC, IBF және IBO чемпионы қазақстандыққа қарсы жекпе-жекте 11 раундқа дейін шыдап, барынша табандылық көрсеткен.
Еске салсақ, Головкин-Брук жекпе-жегі 10 қыркүйекте Лондонда 02 аренасында өтеді. Тікелей эфирде «Қазақстан» және Kazsport арналары көрсетеді. Астана уақыты бойынша сағат 23.00-де басталады.