Головкинмен кездесуден кейін өзіме деген сенім арта түсті - Мартин Мюррей

АСТАНА. ҚазАқпарат - Британиялық боксшы Мартин Мюррей IBF/IBO/WBA/WBC нұсқалары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы қазақстандық Геннадий Головкинмен кездесуі оның өзіне деген сенімін арттыра түскенін айтты, деп хабарлады «Чемпионат.com».

«Төрт рет титулға бір қадам жетпей қалдым. Алайда мен жеткен жетістіктеріммен тоқтамай, боксшы ретінде әрі қарай дамимын. Геннадий Головкинмен шаршы алаңда кездеесуім өзіме деген сенімді арттырып, оң әсер етті. Жаттығу жұмыстарын жалғастырып, әлем чемпионы атану үшін қолдан келгенін жасаймын», - деген Мюррейдің сөздерін Boxing News 24 келтірді.

Атап өту керек, Головкин мен Мюррей 2015 жылдың ақпанында кездескен. Онда қазақстандық британиялықты 11-шы раундта нокаутқа жіберді. Сонымен қатар, бұл кездесуде қазақстандық Мюррейді төртінші раундта екі рет және тоғызыншы кезеңде бір рет нокдаунға жіберген, деп хабарлады Vesti.kz.