Головкиннен нокаут алған Стивенс есесін қайтармақшы

АСТАНА. ҚазАқпарат - АҚШ боксшысы Кертис Стивенс қазақстандық Геннадий Головкинмен қарымта кездесу өткізуге құлшыныс танытып отыр, деп хабарлайды Vesti.kz сайты.

Еске сала кетейік, 2013 жылы 3 қарашада екеуара жекпе-жекте Кертис Стивенс жерлесімізден техникалық нокаутпен жеңіліс тапқан болатын.

Сондай-ақ, ол WBO тұжырымы бойынша Әлем чемпионы атанған отандасы Питер Куиллинмен жұдырықтасуды жоспарлауда.

Г. Головкиннің келесі кездесуі 1 ақпан күні Монте-Карлода өтеді, оның бұл жолғы қарсыласы Гана боксшысы Осуману Адама болмақ.