Головкиннің әлеуетті қарсыласы Деревянченко 21 шілдеде Солиманмен айқасады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Орта салмақ дәрежесіндегі украиналық боксшы Сергей Деревянченко (8-0-0, 6 КО) келесі кездесуін 21 шілдеде АҚШ-та Foxwoods Resort аренасында үлкен кәсіпқой бокс кеші аясында өткізеді.

Әзірге жеңііліп көрмеген украиналық спортшы шаршы алаңда бұрынғы әлем чемпионы австралиялық Сэм Солиманмен (44-13-0, 18 КО) жекпе-жекке шығады. Ал жеңгені орта салмақ дәрежесіндегі IBF нұсқасы бойынша рейтингтегі екінші орынды еншілемек және ол Геннадий Головкиннің белдеуіне үміткер болады.

Бұрын Деревянченко Бүкіләлемдік бокс сериясында «Астана Арланс» клубы құрамында өнер көрсеткен,  деп жазды sports.kz.