АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстандық спортшы Геннадий Головкиннің әлеуетті қарсыласы нокаутпен жеңіске жетті. Нью-Йоркте «Madison Square Garden» аренасында Геннадий Головкинді жекпе-жекке шақырған «WBO» нұсқасы бойынша бірінші орта салмақтағы әлем чемпионы 28 жастағы америкалық Теренс Кроуфорд пен 32 жастағы Хэнк Ланди кездесті, деп хабарлады sports.kz.
Ланди жекпе-жекті жақсы бастады, алайда екінші кезеңнен Кроуфорд шаршы алаңда басымдық таныта бастады. Ол ара-қашықтықты бақылап, ауыр соққылар жасады.
Бесінші кезеңде Кроуфорд Ландиді нокдаунға жіберді, алайда ол тұрды. Кроуфорд тағы бір соққы жасағанда төреші жекпе-жекті тоқтатты.