Оған қазақстандық боксшы Геннадий Головкин мен мексикалық Сауль Альварестің алда күтіліп отырған үшінші айқасы да кірген. Басылым редакциясы оны үшінші орынға қойды. Бірінші орында Теренс Кроуфорд пен Эррол Спенстің жекпе-жегі тұрса, екінші орынды Василий Ломаченко мен Джервонта Дэвистің айқасы алған. Сондай-ақ, үздік айқастардың алғашқы бестігінде Джош Тейлор — Хосе Рамирес пен Энтони Джошуа — Александр Усик жекпе-жектері бар.
Еске салайық, Головкиннің Альвареспен бірінші айқасы даулы тең нәтижемен аяқталса, екінші кездесуде мексикалық төрешілердің басым бөлігінің дауысымен жеңіске жеткен еді.