Головкиннің бапкері боксшы қартайды дегендерге жауап берді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Геннадий Головкиннің (37-0, 33 КО) бапкері Абель Санчес ESPN сарапшысы Тедди Атлас пен HBO аналитигі Харольд Ледерманның қазақстандық боксшысының жасы келіп қалғаны туралы сөзіне пікір білдірді, деп хабарлайды Sports.kz.

«Осылай айтатын адамдар бар, сондай-ақ Головкинді «Канеломен» айқаста жеңіске жетеді деп есептейтін және Лас-Вегаста ақшасын жоғалтқысы келмейтіндер де бар. Әркімнің пікірі әр қалай және солай болу керек те шығар. Геннадий қартайды ма? Ковалев Уордты, ал Мосли Мэйвезерді жеңген кезде, неге ешкім ештеңе демеді? Бұл - ақымақтық. Бұл жерде пікір білдіретін ештеңе жоқ», - деді Санчес.