Головкиннің бапкері Джейкобстың басым тұстарын атап өтті
18:24, 05 Қараша 2016
АСТАНА. ҚазАқпарат - Геннадий Головкиннің бапкері Абель Санчес Дэниэл Джейкобстың не себепті мықты қарсылас екенін түсіндірді, деп жазды Sports.kz.
«Дмитрий Пирогтан жеңілген соң Джейкобс қатарынан сегіз рет нокаутпен жеңді. Ол Питер Куиллинді сұлатып салды. Джейкобс жекпе-жекке мұқият дайындықпен, жеңіске деген құлшыныспен шығады. Сол себепті біз оны мықты қарсылас деп санаймыз», - деді Санчес Esnews-ке берген сұхбатында.