«Рокки Филдинг - Бүкіләлемдік бокс суперсериясын ұтқан Каллум Смит сияқты мықты боксшы емес. Бұл айқас оған ауыр тиеді. «Канело» - ерекше боксшы, ол осы жекпе-жекке қосымша салмақпен келеді. Ол фанаттарға өздері көргісі келетін жекпе-жекті сыйға тартады деп үміттенемін. Оның үстіне, бұл оның жаңа келісімшарт негізінде өтетін алғашқы жекпе-жегі», - дейді Санчес.
«Канело» - Филдинг жекпе-жегі 16 желтоқсан күні Нью-Йоркте (АҚШ) өтеді.
Еске сала кетейік, «Канело» осының алдындағы кездесуінде 15 қыркүйек күні төрешілердің шешімімен қазақстандық былғары қолғап шебері Геннадий Головкинді (38-1-1, 34 КО) жеңген болатын.