«Мен бұл кездесу болады деп үміттенемін. Бұл - бокс үшін қажет жекпе-жек. Осыдан небары екі апта бұрын екеуі (Головкин мен «Канело») бір-бірінен соншалық алыс болып еді, ал енді олар бір-біріне бет бұрғандай. Оскар Де ла Хойя өз сөзінде Том Леффлермен келісімді аяқтауға шақ қалып, ертесіне қайта келісе алмай қалғанын айтып еді. Не боларын уақыт көрсетеді. Егер келісе алсақ, біз қайтадан жаттығу залына ораламыз. Бұл - жанкүйерлер көптен күткен кездесу. Ал егер кездесуді биыл өткізе алмасақ, оны келер жылы өткіземіз», - деді Санчес.
Бұған дейін «Канелоның» командасы Лас-Вегастағы T-Mobile Arena-ны брондап қойғаны хабарланған болатын.