Головкиннің «Канеломен» бірінші айқасы да, екінші жекпе-жегі де Лас-Вегастағы (АҚШ) T-Mobile Arena-да өтіп, даулы нәтижелермен аяқталған еді: бірінші жекпе-жекте тең нәтиже болса, екінші айқаста төрешілердің басым дауысымен «Канело» жеңіске жеткен.
- Көптеген адамдар Головкиннің үшінші рет «Канеломен» Вегаста айқаспауын айтып жатыр...
- Кейде ақша мен қаржылық талаптарға байланысты Вегас жалғыз қолжетімді нұсқа саналады. Боксшылардың қайда жұдырықтасатынын промоутерлер шешеді.
- Жанкүйерлер бұл жекпе-жекті Нью-Йоркте көргілері келеді...
- 2019 жылы сол жерде болады деп үміттенемін. Жағдайдың қалай болатынын білу мүмкін емес.