- Головкин жекпе-жектен кейін киім ауыстыратын бөлмеге келгенде айтқан алғашқы сөздері қандай болды?
- «Жеңілгенімізге сене алмаймын. Мен жеңдім деп ойладым». Онымен келісемін. Мен де жеңдік деп ойладым. Бірақ, төрешілердің шешімін өзгерте алмаймыз. Біз де, адамдар да бізді жеңді деп ойлады.
Еске салайық, Головкин - «Канело» рематчы 16 қыркүйек күні Америка Құрама Штаттарының Лас Вегас қаласында өткен болатын. Нәтижесінде отандасымыз төрешілер шешімімен (113-115, 114-114, 113-115) жеңіліп, WBA Super, WBC және IBO тұжырымдары бойынша орта салмақтағы чемпиондық белдіктерінен айырылды. Олардың бірінші айқасы былтыр тең ұпаймен аяқталған еді.