Бапкердің айтуынша, қазақстандық былғары қолғап шебері келер жылы екінші орта салмақ санатына ауысуы мүмкін.
«Ол 160 фунтта қала ма, 168-ге ауыса ма - көреміз. Оның екі-үш жылдық карьерасы бар, осы жылдарды барынша тиімді өткізуі қажет. Мен оның тағы да екі-үш жыл бокстасқанын қалаймын. Бастысы, Геннадийдің залдағы жаттығуларға бұрынғыдай ынтасы жоғары. Осы бетінен айнымаса, тағы да бес-алты жекпе-жекті ойдағыдай өткізе алады», - деді маман ESPN Deportes-ке берген сұхбатында.
Жоспар бойынша, Головкин 2019 жылдың көктемінде рингке оралуы тиіс. Бірақ әзірше қарсыласының кім боатындығы белгісіз.