Головкиннің бұрынғы қарсыластары салмақ өлшеуден өтті

АСТАНА. ҚазАқпарат - Британиялық Мартин Мюррей (34-4-1, 16 КО) және америкалық Габриэль Росадо (23-10, 13 КО) WBA Inter-Continental белбеуі үшін болатын айқас алдына салмақ өлшеуден сәтті өтті, деп хабарлайды Sports.kz.

Боксшылардың екеуінің де салмағы бірдей болып шықты. Мюррей - 159,3 фунт (72,26 кг), Росадо - 159,4 фунт (72,3 кг).

Олардың жекпе-жегі бүгін Ливерпульде өтеді.

Еске сала кетсек, Мюррей мен Росадо кезінде қазақстандық боксшы Геннадий Головкинмен (37-0, 33 КО кездескен еді. Екеуі де техникалық нокаутпен жеңілген.