Головкиннің бұрынғы қарсыласын рингтен зембілмен алып кетті
18:34, 12 Наурыз 2017
АСТАНА. ҚазАқпарат - IBF нұсқасы бойынша орта салмақтағы бұрынғы әлем чемпионы Давид Лемье америкалық Кертис Стивенсті нокаутқа жіберді, деп хабарлайды sports.kz.
Айқас басталмай жатып қазақстандық Геннадий Головкиннің бұрынғы қарсыластары бір-біріне ауыр соққыларды жаудыра бастады. Үшінші раундта Лемье Стивенсті арқанға тақап, сол жақтан қатты соққы жасады. Нәтижесінде америкалық спортшы терең нокаутқа кетті.
Атап өтілгендей, боксшы есінен танып құлаған. Біршама уақыттан кейін медиктер оның есін жидырып, зембілмен алып кетті.