37 жастағы GGG мен 33 жастағы Деревянченко 5 қазан күні Нью-Йорктегі Madison Square Garden аренасында IBF нұсқасы бойынша орташа салмақтағы әлем чемпионы титулына таласатын болады. Майктың Твиттер желісіндегі оқырмандарының бірі Геннадийдің жасы Сергейден үлкен екенін атап өтті.
«Үлкен болса да күштірек», - деп жазды Коппинджер.