Головкиннің егде спортшылар тізіміндегі орны анықталды

Фото: None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Forbes журналы 2019 жылы ең көп ақы төленетін спортшылар рейтингінің жаңартылған нұсқасын жариялады, деп хабарлайды Sports.kz.

Орта салмақтағы бұрынғы әлем чемпионы, 37 жастағы қазақстандық боксшы Геннадий Головкин әдеттегі рейтингте 95-ші орын алса, бұл тізімде - ең егде атлеттер арасында сегізінші орын иеленген. Головкин биыл 25,5 млн доллар алды (23 млн - Стив Роллспен айқасқаны үшін, 2,5 млн - демеушілік келісімшарт). Ең көп ақы төленетін егде жастағы әлем спортшылары тізімінде гольфшы Фил Микельсон көш бастап тұр. Оның жасы 48-де, ол 2019 жылы 48,4 миллион доллар табыс тапқан.

Соңғы жаңалықтар