Қарымта жекпе-жек қазақстандық боксшының пайдасына аяқталған жағдайда, оның басты мақсаты WBO-ның орта салмақтағы әлем чемпионы титулы болмақ. Ал оған бүгінгі күні Билли Джо Сондерс ие.
«Үшінші айқас - бұл мәселені тараптардың ешбірі әлі талқылаған емес. Мен де, Эрик Гомес те, әзірге бар күш-жігерді екінші айқасқа салатынымызды айтып отырмыз. Рематчта жеңіске жеткен тарап, үшінші айқастың қажеті бар-жоғын шешетініне келістік. Егер трилогия болып жатса да, оны алдағы таяу уақытта ұйымдастырмаймыз. Егер Головкин жеңсе, ол Билли Джо Сондерспен бірлескен жекпе-жек өткізеді», - деп келтіреді Леффлердің сөздерін Boxingscene.com.