«Егер ГоловкинDAZN-мен келісімшартқа қол қойса, ол Сауль Альварес, Каллум Смит, Деметриус Андраде, Дэниэл Джейкобс және Рокки Филдингпен жекпе-жек өткізу мүмкіндігіне ие болады. Сондай-ақ DAZN-ның Джермалл Чарломен келісім орнатса тамаша болар еді», - деп жазды автор.
Бұған дейін DAZN басшысы Эдди Хирн оның компаниясымен келісімшарт орнату - Головкин үшін «Канеломен» үшінші жекпе-жек өткізудің жалғыз мүмкіндігі екенін айтқан болатын. Олардың бірінші айқасы 2017 жылдың қыркүйегінде өтіп, тең аяқталған. Екі боксшының бір жылдан кейін өткен жекпе-жегі төрешілердің көпшілігіні шешімімен Альварестің жеңісімен аяқталды.