Головкиннің карьерасындағы ең мықты боксшының есімі аталды
02:50, 09 Қараша 2016
АСТАНА. ҚазАқпарат - Badlefthook.com порталы қазақстандық боксшы Геннадий Головкиннің барлық сайыстарын сараптап шығып, оған ең мықты қарсылық көрсеткен боксшының есемін атады, деп хабарлайды Sports.kz.
Басылым өкілдерінің пікірінше, британиялық Мартин Мюррей Головкинге ең мықты қарсылас болған боксшы. Ол қазақстандықпен болған кездесуде 10 раундқа дейін шыдады.
«Мюррей Головкинмен кездескендердің арасында ең мықтысы. Ол өте ұзақ қарсыласты, тек 11-ші раундта ғана жеңілді. Орта салмақта ол белбеуден екі рет үмітті болған. Бірақ, жеңіліп қалды. Супер орта салмаққа көшу ол үшін ұтымды шешім емес. Мартин бұл дәрежеде мықты боксшы бола алмайды»,-делінген басылымның хабарламасында.