Головкиннің қарсыластары ішінде ең ұзаққа шыдаған Мюррей жеңіліп көрмеген африкалықты сүріндірді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Британдық боксшы Мартин Мюррей неміс шыққан тегі нигериялық Нуху Лавальдің екінші орта салмақтағы WBA құрлықаралық титулы үшін болған айқаста жеңіске жетті, деп хабарлайды 'Чемпионат.com'.

Монте-Карлода болған жекпе-жек төрешілердің шешімімен британдықтың жеңісімен аяқталды. Мюррей айқас барысында бірнеше рет ескерту алып, сондай-ақ 12 раундта кіндіктен төмен соққы жасағаны үшін ұпайын жоғалтқанымен төрешілер 116-111, 117-110, 117-110 есебімен оның жеңгендігі жөнінде шешім шығарды.

Бұл 34 жастағы Мюррейдің кәсіби рингтегі 34-інші жеңісі. Ол төрт рет жеңіліп, бір рет тең түскен.

Ал 34 жастағы Лаваль өз спорттық жолында алғаш рет жеңілістің ащы дәмін татты. Бұған дейін оның есебінде 23 жеңіс болған еді.

Еске сала кетсек, Мюррей 2015 жылы ақпанда қазақстандық Геннадий Головкинмен жекпе-жек өткізген. Айқаста 11 раундта GGG техникалық нокаутпен жеңді. Оның қорытындысы бойынша Головкиннің қарсыластары ішінде  британдық рингте ең ұзаққа шыдаған боксшы атанды.