Головкиннің қарсыластары өзара бәстесті
15:16, 24 Ақпан 2017
АСТАНА. ҚазАқпарат - Мексикалық боксшылар Сауль Альварес пен кіші Хулио Сезар Чавес бәс тікті. Оған сәйкес айқас жеңімпазы өз гонорарымен қоса, қарсыласының да ақшасын алады.
Жекпе-жек Лас-Вегаста 6 мамырда өтеді, деп хабарлады sports.kz.
«Бұл шешімді екеуміз қабылдадық, содан кейін камера алдында жігіттерше қол алыстық. АҚШ-та ауызша уағдаластықтың өзі ресми келісім ретінде есептеледі. Келісім жасалды. Енді екеуміздің біреуіміз екі есе гонорармен ораламыз, не құры қол», - деді Альварес ESPN-ге берген сұхбатында.
Кіші Чавес егер жеңген жағдайда, өзінің гонорарына тең соманы емес, қазіргі сәтте одан көп болып тұрған Альварестің барлық гонорарын алғысы келетінін айтты.