АСТАНА. ҚазАқпарат - Мексикалық боксшы Сауль Альварес (49-1-2, 34 КО) қазақстандық Геннадий Головкинмен (37-0-1, 33 КО) кездесуінің алдында өзінің басты проблемаларының бірі - төзімділігін шыңдау үшін жаттығу үдерісіне жаңа элементтерді қосып жатыр, деп хабарлайды Sports.kz.
Youtube-канал Villainfy Media «Канелоның» тыныс алуды қиындататын арнайы маскамен су толтырылған грушаны ұрып жатқан мезеттегі бейнекөрінісін жариялады.
БАҚ өкілдерінің пікірінше, бұл көрініс мексикалық боксшының айбынын арттыра түспек.
Головкин-Альварес реваншы 5 мамырда өтеді. Кездесу өтетін орын кешірек хабарланады. Алайда оның Лас-Вегаста өту мүмкіндігі өте жоғары.
Айдар Оспаналиев
2000 жылы Әл-Фараби атындағы ҚазМҰУ-дың журналистика факультетін бітірген. Журналистика саласында 2000-шы жылдан бері қызмет етіп келеді.