Головкиннің келесі жекпе-жегін кіммен өткізетіндігі белгілі болды

Фото: None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Белгілі мексикалық журналис Хосе Луис Комарильоның айтуынша, Хайме Мунгия Мексиканың Тәуелсіздік күні қарсаңында Геннадий Головкинмен кездеспек, деп хабарлайды Sports.kz.

«Мексиканың Тәуелсіздік күнінде «Канелоның»орнына Хайме Мунгия жекпе-жек өткізеді. Қарсылас ретінде Геннадий Головкинтаңдалатын болар, ал жекпе-жек Лас-Вегаста өтеді», - деп жазды Комарильо.

Еске сала кетейік, бұған дейін Сауль «Канело»Альварес 14 қыркүйек күні жекпе-жек өткізбейтінін мәлімдеген болатын. Соғанбайланысты, сарапшылар орта салмақтағы ең жақын айтулы айқас Головкин менМунгия арасында болады деп болжап отыр. Әрі жас мексикалықтың командасы даГоловкинмен арадағы жекпе-жекке қызығушылық танытқан.