Жаттығулардың бірінде Уго Сентено қабырғасын абайсызда зақымдап алған. «Соққы алдым. Әуелі ауруға шыдап, жұмысты жалғастыра бермекші едім, бірақ ет қызуы басылған соң тексерілуге тура келді. Қуаныштысы, қабырғам сынбаған екен», - дейді Сентено.
vringe.com-ның жазуына қарағанда, Чарло-Сентено жекпе-жегі Бруклиндегі (АҚШ) бокс кешінде, бұрынғы чемпиондар Эдриен Броунер мен омар Фигероа жекпе-жегімен қатар өтеді.
Айта кетейік, Чарло мен Сентено үміткер болуға таласып жатқан WBC нұсқасы бойынша орта салмақтың әлем чемпионы белдігі Геннадий Головкинге тиесілі.
13:01, 25 Ақпан 2018
Головкиннің кезекті қарсыласының есімін анықтау кешеуілдеп жатыр
АСТАНА. ҚазАқпарат -WBC нұсқасының бос тұрған орта салмақ санатындағы (72,6 килограмға дейін) «уақытша» әлем чемпионы титулы үшін 3 наурызда Жермалл Чарло (26-0, 20 КО) мен Уго Сентено (26-1, 14 КО) арасында өтуі тиіс жекпе-жек 21 сәуірге көшірілді, деп хабарлайды «SPORTINFORM» САА vringe.com-ға сілтеме жасап.