Тараптар жекпе-жекті 2021 жылдың мамыр айында – Мексикада 5 мамырда тойланатын Синко де Майо мерекесіне орай демалыс күндері өткізуді қарастыруда. Бұған дейін Golden Boy компаниясынан Мунгияның бірлескен промоутері Эрик Гомес мұндай жекпе-жекке ашық қызығушылық білдірген болатын.
Еске сала кетсек, GGG соңғы жекпе-жегін 19 желтоқсанда Голливудта, Флоридада өткізген еді. Головкин қарсыласы Шереметаны мерзімінен бұрын жеңіп, өзінің салмақ дәрежесінде рекордтық 21-ші рет әлем чемпионы титулын қорғап шықты.
Бүгінде қазақстандық боксшының IBF және IBO титулдары бойынша белдіктері бар.