«Головкин қыркүйекте болуы ықтимал Сауль Альвареспен өтетін жекпе-жекке дайындық жүргізуде. Бұл әлемдік бокстағы ең ірі айқастардың бірі болуы мүмкін. Сонымен қатар, мексикалықпен жұдырықтасу Головкин үшін қаржылық жағынан да тиімді», - деді Ерлан Бекхожин.
20:34, 18 Сәуір 2017
Головкиннің командасы Астанадағы келіссөздерге келмеді
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан кәсіби бокс федерациясының президенті Ерлан Бекхожин Sports.kz-ке WBA(Super), IBO, IBF және WBC нұсқасы бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы Геннадий Головкиннің британдық Билли Джо Сондерске қарсы айқасы Астанада өтпеуі мүмкін деген ақпаратқа орай пікірін білдірді.