Main Events промоутерлік компаниясының президенті Кэти Дува өз кезегінде бұл ұсынысқа қатысты шешімін келесі аптада хабарлауға уәде етті. Егер командалар өзара келісімге келсе, 2 қараша күні екі боксшы шаршы алаңға көтеріліп бір-біріне қарсылас атанады. Кездесуді HBO телеарнасы көрсетеді.
Еске сала кетсек, 30 маусым күні Головкин британдық Мэттью Маклинді есеңгіретіп, WBA нұсқасы бойынша әлем чемпионы атағын кезекті мәрте қорғап қалған болатын. Ал Стивенс соңғы рет 4 тамыз күні мексикандық Сауль Романмен кездесіп, 1-раундта-ақ жеңіске жеткен болатын.